Super User

Super User

Түлкібас ауданы студенттерінің слеті ұйымдастырылды

17- қараша Халықаралық студенттер күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Түлкібас аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылын өткізу бойынша ұсыныстар мен пікірлер айту, ауданда жастар саясатын дамыту, бастамашыл жастарды айқындау, жастар арасында патриотизмді дамыту, дарынды, студенттерді қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің слеті өткізілді.

Отырар ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті

Тазалық шарасына 13 ауыл округінің тұрғындары белсене қатысып, «Тазалық денсаулық кепілі» деген ұстаныммен көшет отырғызу, тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысты. Бұл игі іс-шараға мекеме, ұйым қызметкерлері де қатысқанын айта кетейік. Сенбілікте төңіректер тазаланып, тал-дарақтар әктелді, арық-атыздар шабылды, мекеме-ұйым ғимараттары алдына көшеттер отырғызылды. 

Мақтааралға ауданның 90 жылдық мерейтойына орай Өзбекстаннан делегация келді

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай елімізбен көршілес жатқан Өзбекстан Республикасынан бір топ делегация келіп, Сырдария облысының әкімі Ғафуржон Ғаниұлы Мирзаевтың құттықтау хатын жеткізді. Тілі, діні, мәдениеті бір қазақ пен өзбек халықтарының достығы соңғы жылдары нығая түскенін, ақ алтын өндірумен аты шыққан Мақтаарал ауданының жетістіктерінен хабардар екенін Ғ.Мирзаев құттықтау хатында баяндаған.

Мақтааралда ұлттық спортты дамыту мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ғимаратында облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы өкілдерімен және аудандағы ат спорты ұлттық құраманың шабандоздарымен кездесу жиыны өтті.

Осы RSS каналға жазылу