Super User

Super User

Түркістан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

2018 жылдың 1 қазанындағы мәліметке сүйенсек, Түркістан облысында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны - 140 992, оның жұмыс істеп тұрғаны - 129 424. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2010 жылдан қазіргі таңға дейін 43 млрд. теңгеге 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджетке 63 млрд. теңгенің салығы түскен. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында зәйтүн егу жоспарланды

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев алматылық «Прометей» және испаниялық «Корбелл» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Жетісай ауданынан 25 гектар жерге тәжірибе ретінде зәйтүн бағын егу мәселесін талқылады. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде бірлескен отырыс өтті

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев пен аудан прокурорының төрағалығымен ағымдағы жылдың 9 айында қылмыстық жағдай мен олардың алдын алу бойынша іс-шаралар туралы мекемеаралық жиналыс өткізілді. Аталған жиынға ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдары және мемлекеттік емес ұйымдар қатысты. 

Түркістан облысы: Сарыағаш қаласында спорт кешені ашылды

Сарыағаш қаласында заманауи спорт кешені ашылды. Қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған спорт кешенінің ашылуына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Бердашов, ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагер спортшылар мен жалпы жұртшылық қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу