Super User

Super User

Кәсіпкерлерге көпшілік қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімі аппаратының өкілдері, қалалық полиция департаментінінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Сәулет және қала құрылысы басқармасының газ-техникалық бөлімінің жетекшілері, қалалық әкімдік басқармаларының өкілдері, сауда орындарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Шымкенттік полицей джиу-джитсудан Әлем чемпионатында жүлдемен оралды

      27 қараша және 2 желтоқсан аралығында Польша Республикасы Миколув  қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті.   Халықаралық жарысқа 32 елден  860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды.

Шымкентте қандастар еңбек нарығына сай бейімделуде

Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 366 отбасындағы 736 адам «қандас» мәртебесін алып, 48 отбасыдағы 64 адамның мәртебесі 6 айға ұзартылды. Қандас мәртебесін алғандардың ішінде 365 ер адам мен 371 әйел бар, олардың 234-і 18 жасқа дейінгі балалар, ал 90-ы зейнеткерлік жастағы азаматтар. Шымкентке қоныс аударған қандас отбасыларда 412 адам еңбекке қабілетті.

Осы RSS каналға жазылу