Super User

Super User

Шымкенттіктер вице-министрге цифрлық даму бойынша ұсыныстарын айтты

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қала тұрғындарымен және жастарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – цифрландыру мен инновация бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру және атқарылған жұмыстарды саралау болды. 

Шымкентте ерекше жандар арасында байқау өтті

Шымкент қаласы «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтар арасындағы «Мөлдіреген жыр сезім» атты көркем сөз оқу байқауы өтті. Шара қазақ әдебиетінің көрнекті ақындары Әлібек Шегебай мен Бақытжан Алдиярдың 50 жасқа толу құрметіне орай ұйымдастырылды.

Шымкентте 23 мыңнан аса итке эвтаназия жасалған

Шымкентте жыл басынан бері 23 676 ит, 4010 мысық ауланып, ізгілік тәсілмен жансыздандырылған. Эвтаназия жасауға жіберілетін жануарларда үлгілік қағидаға сәйкес айықпайтын ауру немесе агрессия белгілері болуы керек. Жауапты мамандардың сөзінше, қазір қаңғыбас жануарларды аулау үлкен мәселеге айналған.

Азия чемпионы Махмұд Сабырхан елге оралды

Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама 9 алтын, 5 күміс және 6 қола медальдарын еншілеп, командалық есепте көш бастады. Тарихи жеңіске үлес қосып, алтыннан алқа тағынғандардың бірі, жерлесіміз – Махмұд Сабырхан. Таиланттың төрінде ел әнұранын шырқап, көк туды желбіреткен спортшыны жанкүйерлері Шымкент әуежайынан құрметпен қарсы алды.

Осы RSS каналға жазылу