Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция аға лейтенанты Маханбет Нұржан өнер көрсетті. Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен спортшымыз үздік екенін дәлелдеп, жүлделі 1 орынға ие болды.
Байрақты бәсекенің финалында басқа елдің спортшысын жеңіп қарсылас шақ келтірмеді. Бұл жеңіс – Маханбет Нұржанның спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі.
Әлемдік аренадағы жеңіс біз үшін жеке жетістік қана емес, еліміздің барлық полицейлердің жеңісі. Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!