Осы ретте 18-20 қазан аралығында Астанада 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа 14 облыстан 200 ге жуық спортшы қатысты.
Кілең мықты балуандардың бақтарын сынаған жарысқа Шымкент қаласының N10 ОРМБЖСМ күрес түрлері мектебінің спортшылары да қатысты. Боз кілемге шыққан ұлдар мен қыздар күрестің көркін қыздырып, өзара мықтыны анықтады. Белбеу күрес шеберлерінің шеберлігін шыңдаған жарыста жерлестеріміз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.
Жерлестеріміз ерлер арасында 57 келіде Бейсембі Асылбек, қыздар арасында +76 келіде Дустаева Лаура мен 66 келіде Дауренбек Аққу 1-орыннан көрініп, алтыннан алқа тағынды.
Есентай Аят 100 кг, Баян Бақдаулет 82 кг, Нуртай Ғажайып 76 кг өнер көрсетіп 2-орынға жайғасып, күміс медальді қанжығаларына байлады.
Ал, 90 келіде белдескен жерлесіміз Шалқар Санжар 3-орынды місе тұтты.
Спортшыларымыздың жаттықтырушылары: Кулманбетов Айдос, Жанділдаев Мақсат, Кожабеков Жандаулет, Оспан Болат.
Сонымен 3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша Шымкент қаласының спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді.
Бүгінгі күнде қазақ күресінің дәурені жүріп тұр. Төл өнеріміздің төрге озып, текті жұрттың асыл қасиеттерін төрткүл дүниеге таныта бастағаны жанды семіртеді.
Белбеу күресі — қазақтың ұлттық күресі. Белбеу күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие.
1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, белбеу күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.