Дүйсенбі, 11 Қараша 2024 20:05

Шымкенттік балуандар 9 медальді олжалады

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты еліміздің мықты балуандарын бір алаңға жинады.

Аталған бәсекеге 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызы бар қалалардан 450-ге жуық балуан қатысты. Үш күнге созылған чемпионатта ерлер 9 салмақ, ал әйелдер 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жарысқа қатысушылар арасында мықты балуандар белдесіп, жарыстың қорытындысы бойынша, елдің әр аймағынан келген үздік спортшылар финалға жолдама алды. Айта кетсек, Шымкент қаласының балуандары 1 алтын, 2 күміс және 6 қола жүлде еншіледі. Олар:

1- орын Мұзаппаров Ерсұлтан, 100 келі, @muzapparov.yersultan

2- орын Бахиева Альбина, +77 келі

2-орын Амзебек Бекзат, 60 келі

3-орын Кожамбеков Жумажан, 74 келі

3-орын Салимьянова Рамиля, 56 келі

3-орын Балтабай Асемкул, 52 келі

3-орын Рақыш Арайлым, 60 келі

3-орын Файзулланова Замзагул, 77 келі

3-орын Амаева Азман, 48 келі.

Қазақ күресі – ұлттық төл спортымыз. Біздің күрес – ешқандай күрес түрлеріне ұқсамайды.  Бүгінгі таңда жүргізі¬ліп отырған спорттық-теориялық және әдістемелік зерттеулер бойынша қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестердегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғаны дәлелденуде. Яғни, дәстүрлі көшпелілер күресі әлем спортының дамуына зор үлес қосты деуге болады. Әсіресе, белбеу пайдаланып күресу тәсілінің бай тәжірибесі Ұлы Даладан бастау алып, Шығыс пен Батыс елдеріне та-нымал спорт түрінің алғышартына айналды. Белбеу арқылы белдесудің өзіндік сипаты болған, ол белге оралған қайыстан ұстап, тізесі не алақаны жерге тигенге дейін күрескен. Бұл күрес жылдамдық, ептілік, күш және айла-тәсілдердің кең диапазонды қимыл-қозғалысымен қызықты. Сондықтан да оның адамның көңіл-қуанышын арттыратын, қанын қыздырып, ерлікке, елдікке баулитын қасиеті бар. Біз, қазақ халқы жоғарыдағы белбеу арқылы күресудің негізін салған жұрттың біріміз. Бұған мынадай мысалдарды келтіруге болады. Көшпелілер күресінің басты қағидасы – әділеттілік болған. Жеңімпазды анықтау көрермен халықтың көз алдында жарасым тапқан. Жарыс ережесінде күресті ұйымдастырушылар оны мез¬гіл және жер таңдамай өткізетін болған.

 

Оқылды 18 рет