Жұма, 26 Маусым 2026 12:08

Түркістанның «Тұраны» ел чемпионатында топ жарды

Шымкент қаласында гандболдан Ұлттық және Жоғары лигадағы ерлер командалары арасында XXXIV Қазақстан Республикасы чемпионатының IV тур ойындары өз мәресіне жетті. Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді.

Маусым бойы жоғары деңгейде өнер көрсеткен түркістандық ұжым шешуші турда да шеберлігі мен тұрақтылығын дәлелдеп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, «Тұран» командасы ел чемпионатындағы көшбасшылық орнын бекітіп, Түркістан облысының спорт қоржынына тағы бір маңызды жеңіс сыйлады. Бұл жетістік – команданың жүйелі дайындығы мен бапкерлер құрамының қажырлы еңбегінің, сондай-ақ спортшылардың жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 67 рет