Дүйсенбі, 29 Маусым 2026 17:43

Түркістандық пара жүзушілер ел біріншілігінен жүлделі оралды

20–26 маусым аралығында Талдықорған қаласында пара жүзуден жастар, жасөспірімдер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 15 өңірінен 130-дан астам параспортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.Жастар арасында:

Бердалы Қылышбек (S8 класы):

50 метрге еркін жүзу – І орын;

100 метрге еркін жүзу – І орын;

50 метрге шалқалай жүзу – І орын.

Тұрғанбек Нұралы (S14 класы):

50 метрге шалқалай жүзу – ІІ орын.

Жасөспірімдер арасында:

Аманкелді Ибрахим (S10 класы):

100 метрге еркін жүзу – І орын;

50 метрге шалқалай жүзу – І орын;

50 метрге еркін жүзу – ІІІ орын.

Түркістан облысының параспортшыларын жарысқа жаттықтырушылар Нұржан Көшербаев пен Мақсат Жұмакелдіұлы дайындады. Түркістандық спортшылар мен олардың бапкерлерін ел чемпионатындағы жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен халықаралық додаларда толағай табыс тілейміз!

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 105 рет