Дүйсенбі, 29 Маусым 2026 18:51

Түркістандық тхэквондошылар «Altic Cup G1» халықаралық турнирінде жүлдегер атанды

21–23 маусым күндері Астана қаласында таэквондодан (WT) әлемдік рейтингтік ұпайлар сарапқа салынған Altic Cup G1 халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы:

Махмутова Назым (73 келі) – І орын;

Орынбасар Мақсат (74 келі) – ІІ орын.

Халықаралық рейтингтік турнирде қол жеткізілген бұл нәтижелер – спортшылардың қажырлы дайындығы мен жоғары шеберлігінің айқын дәлелі. Түркістан облысының спортшыларын жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстардан да жеңіспен оралуына тілектестік білдіреміз!

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 175 рет