Дүйсенбі, 01 Шілде 2019 18:14

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Әкем, Анам және Мен» отбасылық жарысы ұйымдастырылды

Т. Рысқұлов ауылындағы аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Есірткісіз жарқын болашақ» ұранымен «Әкем, Анам және Мен» атты тақырыпта отбасылар арасында аудандық толағай жарысы өткізілді. Жарыс аудандағы 3 спорт мектебінде еңбек ететін қызметкерлердің отбасылары арасында өтті. 

Бұл сайыстың шарттары былай:

1. Кедергіден баскетбол добын алып өтіп, баскетбол қақпасына түсіру;

2. Кедергіден скакалкамен секіру арқылы өтіп, себетке допты түсіру;

3. Кедергіден теннис ракеткасымен шарды ұрып алып өту;

4. Кедергіден қолды артқа тіреп, жүріп өту;

5. Арқан тарту.

Тартысты өткізілген жарыс нәтижесіндеІ орынды Керімбаевтар отбасы (Шақпақ баба ауылы), ІІ орынды Ақжоловтар отбасы (Т.Рысқұлов ауылы), ІІІ орынды Үсібалиевтар отбасы (Састөбе кенті) жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары дәрежелеріне сәйкес диплом және сыйлықтармен марапатталды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1115 рет