Дүйсенбі, 01 Шілде 2019 18:34

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өтті

Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда 26 маусым– Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні мерекесіне орай 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өтті. Аталған іс-шара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және Түлкібас аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Жарыстың ашылу салтанатында спорт бөлімінің басшысы П.Әбіханов пен СӨСҚО-ның жауапты маманы А.Сраилова сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Футболдан аудан бойынша 10 команда жиналып, қызықты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды«Т.Рысқұлов» командасы, ІІ орынды«Сәлік» командасы, ІІІ орынды«Төлеби» командасы жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары дәрежелеріне сәйкес диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Ал аудандық СӨСҚО-нің ұйымдастыруымен «Жас талап» спорт клубында үстел теннисі және тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында жарыс жалғасын тапты.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1230 рет