Сейсенбі, 09 Шілде 2019 17:24

Түркістан облысы: Түлкібастық балуан жеңіс тұғырынан көрінді

Италияның Неаполь қаласында ХХХ дүниежүзілік универсиада өтіп жатыр. Аталмыш додада дзюдадан абсолюттік салмақ дәрежесінде Қазақстан тұңғыш алтын медаліне қол жеткізді

Жеңіс туын желбіреткен Түлкібас ауданының тумасы Ғалымжан Қырықбай дзюдодан абсолюттік салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Универсиада чемпионы алғашқы белдесуінде түркменстандық Ибрагим Союновпен күрессе, екінші айналымда германиялық Бенжамин Боюзгарнмен кездесіп, екі айналымда да жеңіске жеткен. Ширек белдесуде өзбекстандық Давлат Бобоновты ұтса, жартылай финалда қырғыз балуаны Ерлан Шеровтан басым түсті. Универсиаданың финалдық белдесуінде Ғалымжан Қырықбай франциялық Хадриен Ливольсиді жеңіп, осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет дзюдо күресінен чемпионы атанды.

Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы 1997 жылы 7 қарашада қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол дзюдо күресімен 14 жасынан бері шұғылданып келеді. Алғашқы бапкері Бекежан Құрамысұлы. Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1266 рет