Сейсенбі, 13 Тамыз 2019 10:17

Түркістан облысы: Түркістанда жүгіру марафоны дәстүрге айналып келеді

Түркістанда Жастар жылына орайжалпықалалық жүгіру марафоны өтті. Жарыс жолы Есімхан алаңынан басталып, Жеңіс саябағымен жалғасты. Марафонға қасиетті шаһардың тұрғындарынан бөлекқала қонақтары да қатысып, белсенділік танытты. 

Бүгінгі сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Түркістан қаласында бастау алған жүгіру марафоны тұрғындардың көңілін көтеріп, спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті. 

«Бүгінгі жарыс өте қызықты өтті. Бұл жарысқа достарымммен келдім. Марафонның жиі өтіп тұрғанын қалаймын» дейді Түркістан қаласының тұрғыны Досбол Қалтаев.

Айта кетейік, қалада жыл басынан бері 120 мыңға жуық адам спортқа тартылып, 150-ден астам жарыс ұйымдастырылған. Жалпы қалалық марафонда қатысушылар бір деммен 2400 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Жарыста мәре сызығын бірінші кескен Медет Жаныс жеңімпаз атанып, оның спортқа деген сүйіспеншілігі өзгелерге үлгі болды. Қала әкімдігінің қолдауымен өткен шара елімізге танымал жұлдыздардың өнер кешімен жалғасты. 

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 930 рет