Спорттық сынға қала әкімі аппараты, аудан әкімдіктері және қалалық мәслихаттан бас-аяғы 11 команда, жалпы алғанда, 300-ге жуық адам қатысты. Аса тартысты өткен волейбол сынында қалалық мәслихаттың "Бірлік" командасы жеңімпаз атанса, кіші футбол турнирінде – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясының «Айбын» құрама командасы, арқан тартуда – Қаратау ауданы әкімдігінің «Қаратау» командасы, командалық есепте үстел теннисінен – қалалық мәслихаттың «Бірлік» командасы, дойбыдан – Еңбекші ауданы әкімдігінің «Еңбекші» командасы, шахматтан қала әкімі аппаратының «Орда» командасы үздік шықты.
Ал қорытынды есеп бойынша «Еңбекші» командасы биылғы спартакиаданың жеңімпазы болып, биік тұғырға көтерілді. «Орда» командасы – екінші, «Бірлік» үшінші орындардан көрінді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.