Сейсенбі, 21 Тамыз 2018 08:35

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Спорт күні» тойланды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып белгіленген болатын. Осы мақсатта Спорт күні мерекесіне орай, Арыс қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде қаламыздағы спорт мекемелерінен құралған командалар арасында спорттық сайыстар өтті.

Атап айтсақ, Спорт күніне арналған іс-шараны ашқан Арыс қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі кеңесшісі Е.Маханов қаламыздағы спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, биік тұғырдан көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, спорттық сайыс баскетбол, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі тебу, асық ату сынды түрлерінен өткізілді. Спорттық ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Тәуелсіздік жылдары еліміздің спортшылары Халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Мемлекетіміз беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Бұл Қазақстанда спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамуының әлемдік мойындалуын көрсетеді. 

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 1364 рет