Түркістан «Күй құдіреті» атты республикалық күйшілер байқауы өтті

Түркістан қаласында күй өнерін дәріптейтін республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өз мәресіне жетті. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының концерттік залында өткен сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 23 қатысушы екі кезең бойынша бақ сынады.

Арыстық оқушылар "Айбын-2025" халықаралық байқауынан жүлдемен оралды

Арыс қаласының оқушылары XI «Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жиынынан жеңіспен оралды. Бір аптаға созылған дүбірлі додада жас сарбаздарымыз өздерінің ептілігін, батылдығын, ұйымшылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сауранда жасөспірімдер құқығын қорғау мәселелері қаралды

Бүгін Сауран ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын аудан әкімінің аппаратында ұйымдастырылып, комиссия мүшелері мен жауапты сала өкілдері қатысты.

Түркістан облысында жағажайлар мен демалыс аймақтарында тазалыққа қатысты рейдтік шаралар күшейтіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары үздіксіз атқарылып келеді. Облыс әкімімен бекітілген жол картасы аясында 88 іс-шара жоспарланып, оның ішінде 38-і тұрақты түрде іске асырылуда.

Түркістан облысында көгалдандыру және қоқыс полигондарын реттеу жұмыстары қатаң бақылауда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары мен өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды.

Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Түркістан облысының байдарка және каноэ есушілері Алматыда өткен байдарка және каноэ есуден Қазақстанның іріктеу чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Аталған жарысқа еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Түркістан: Саурандықтар экоакцияға шықты

Сауран ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аталып өтті. Бастама аясында Оранғай ауылдық округінде экологиялық тазалық шарасы өтті.