Түркістан облысында ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университетін ашу бойынша келіссөз жүргізілді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлар мен ауыл шаруашылығы саласын зерттеуші ғалымдармен, профессорлармен кездесті.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлар мен ауыл шаруашылығы саласын зерттеуші ғалымдармен, профессорлармен кездесті.
Осы маусым айында Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 7 жыл толды. 2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырғаны белгілі. Осы мақсатта Отырар ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «28 маусым - табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында заманауи технологияларды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Арыс қаласында көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда. Қалаға кіреберіс жолдар бойындағы жасыл белдеулер мен жайқалған ағаштар осының дәлелі. Айта кетерлігі, бұл ағаштардың көпшілігі қаладағы арнайы тұқымбақта өсіріліп, жергілікті ауа райына бейімделген көшеттер болып табылады.
Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекені үшін – тарихи күн. Шалғай ауылдың тұрғындары көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Ауыл жұртшылығының қуанышын бөлісуге қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы барып, тұрғындарды осы айтулы сәтпен құттықтады.
Күні кеше Түркістан облысның БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына пресс-тур сапарымен келіп, ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жетістіктердің куәсі болды. Тілшілер ауданға қарасты Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан «Агрогруз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ.
Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің техникалық директоры Талғат Ташимов, кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызмет басшысы Самиддин Монтаев, сондай-ақ Түркістан және Сауран ауданының электр желісінің бас инженері Ғани Қойшиев қатысты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Ордабасы ауданында өтті.