Түркістан облысында капсулалы үйлер пайда болады

Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік компанияларының бірі – «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында өзара тиімді серіктестік орнады.

II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы - Түркістанда

Бүгін Түркістанда Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Түркі өркениетінің ескерткіштері: зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері» тақырыбындағы II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы басталды.

Түркістанды көгалдандыру жұмыстары жандануда

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің бүгінгі жұмыс күні жасыл аймақты аралаудан басталды. Жаңа әуежай бағытындағы жол бойына орналасқан алқап көктемде 8 мыңға жуық көшетпен толықтырылған.

Түркістан: Түлкібаста фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев Азатылық ауылдық округінде және Машат ауылдық округіне қарасты Қызылбастау ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) нысандарының құрылыс барысымен танысып қайтты.

Созақ ауданындағы ауылдар мен елдімекендерде ішкі жолдар жөнделуде

Аудан аумағындағы ауылдар мен елдімекендердің ішкі жолдарын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін Құмкент ауылы мен Қызылкөл елдімекенінде жалпы ұзындығы 11,21 шақырым болатын ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды.

Сауран ауданы: өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы қаралды

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты өзекті үш мәселе қаралды. Алғашқы болып Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы Дилмурад Нұржанов әскерге шақыру бойынша көктемгі науқанның қорытындысы мен жоспардың орындалуы туралы баяндады.

Түркістан облысының әкімі Бейжіңде 20-дан астам компания басшыларымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бейжіңдегі жетекші компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуде.