Түркістан облысы әкімі бастаған делегация Қытайдағы ірі кәсіпорындарды аралады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы Линьи қаласында орналасқан бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Түркістан: Отырар ауданында әлеуметтік қолдау саласын цифрландыруға бағытталған семинар өтті

Отырар ауданында әлеуметтік қолдауды цифрлық форматқа көшіру бағытында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсе» өкілдері ауданға арнайы іс сапармен келді.

С. ЖАҚЫПОВА ҚАЗАҚСТАНДА ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТТІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру туралы айтты. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру үшін Еңбек министрлігі 10 бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Түркістан: Түлкібаста құқықтық мәдениетті арттыруға арналған мәжіліс өтті

Бүгін Түлкібас аудандық әкімдігінде Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаевтың бастамасымен аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында тұрғындарымен еркін форматта арнайы мәжіліс өтті.

Түркістан: жанар-жағармай бағасы тұрақты деңгейде сақталуда

Түркістан қаласы аумағындағы жанар-жағармай станцияларына мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобы мұнай өнімдерінің тапшылығына жол бермеу, халық арасында түсінбеушілік пен наразылық туындауының алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында тиісті құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.