2025 жылға дейін Шымкенттегі жасыл аймақ 21544 га дейін ұлғаяды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамалардың, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын күнделікті атқаруда. 

Шымкентте биылғы күзде 52345 дана ағаш көшеттері отырғызылады

Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту саласында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында  атқарылған жұмыстар туралы»  тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

Шымкент: Сайрам тұрғын алабы тұрғындарының мәселелері шешімін табады

Мемлекет басшысы  «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» деген болатын. Бүгінде Шымкенттің  барлық елді-мекендері мен қалаларында «Қоғамдық қабылдаулар» мен «Ашық есік» күні жиі өткізіліп жүр.  Басты мақсат- тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, кері байланыс орнату. 

Шымкентте он бірінші рет "Мерейлі отбасы" байқауы ұйымдастырылуда

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Ал жыл сайын үлгілі отбасылар байқауын өткізудің маңызы зор. Себебі,  отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік ұғымдарын ел санасына сіңіру, әсіресе, жастарға жеткізу, жарасымды отбасы құндылығын кеңінен насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын арттыруға болады.

Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың тікелей міндеті

Мамандар осылай деп отыр. Олардың сөзінше міндетіне салғырт қараған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осылайша мамандар балалардың суға батуы, терезеден құлауы сияқты келеңсіз оқиғаларды азайтуға болады дейді. Статистикаға жүгінсек,  бүгінгі күнге дейін, Республика бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен (Астана-22, Қарағанды-18, Қызылорда-12) балалардың құлау 123 (өлім-жітім-13; жарақат-110) оқиға тіркелді, ал қала аумағы бойынша балалардың абайсыздан көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлау 5 жағдай (қайтыс болғандар-1, жарақаттанған-4) орын алған. 2023 жылы - 4 жағдай тіркелген.

Шымкент бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары атқарылуда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қаракөзев Нұржан Нұрханұлы - Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы - жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.

Шымкент: Аппараттық мәжілісте барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

Бүгін Шымкент қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен  аппараттық мәжіліс өтті.  Мәжілісте жылу маусымына дайындық,   мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде,  БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып,  мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды  

Отырар ауданында балық шаруашылығын дамытуға ниет білдірушілердің қатары күн санап артып келеді

Түркістан облысында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аталған кәсіпті Отырар ауданында да дамытуға ниет білдірушілер қатары арта түскен. Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тауарлы балық шаруашылығын дамытуды қолға алған Талапты ауыл округіндегі «Баққара» шаруа қожалығында болды.