Отырар ауданы: Қоғам және Қарғалыдағы ауыз су, ағын су мәселелерін шешу бойынша жұмыстар атқарылуда
Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны Қоғам және Қарғалы ауыл округтерінде өтті. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос ауыл округінде көтерілген мәселелердің іске асу барысы туралы айтып өтті.