Түркістанда Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық іс-шара өтті

Түркістандағы 5574 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери плац-концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыстық Полиция департаменті, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, аумақтық қорғаныс бригадасы, Ұлттық ұлан әскерлері, ардагерлер мен жас сарбаздар қатысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті мерекемен құттықтады.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы ауыз су мәселесі тұрақты бақылауға алынған

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына қатысты мәселе туындаған болатын. Аталған су нысаны бұған дейін «Рауан» ЖШС теңгерімінде болып келген. Су көзін жеке кәсіпкер 27 жыл бойы пайдаланған. Жалға алу мерзімі биыл 25 сәуірде аяқталып отыр. Су ресурсын пайдалануға арнайы рұқсат беру мәселесі бойынша «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы санитарлық аймақ талаптарының сақталмауына байланысты су пайдалану құқығын ұзартудан бас тартқан. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

Түркістан облысы: Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында жастарға әскери экскурсия ұйымдастырылды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Арыс қаласындағы әскери бөліммен бірлесе партияның «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында жастарға арналған танымдық экскурсия өтті. Іс-шара жас буынның әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға және отансүйгіштік рухын күшейтуге бағытталады.

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «Кең Дала» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін 1 441 жоба қаржыландырылған. Қазіргі таңда жаздық дақылдар 388 мың гектар алқапқа егілді.

Түркістан облысының оқушылары робототехникадан өткен әлем біріншілігінде жүлдегер атанды

Түркістан облысының командасы АҚШ, Техас штаты, Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында жүлделі марапатқа ие болды. Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 12 марапат жеңіп алып, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Түркістан қаласында жас сарбаздармен «Адалдық – өмірдің алтын қағидасы» тақырыбында кездесу өтті

Түркістан қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінде 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Адалдық – өмірдің алтын қағидасы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.  Бұл маңызды іс-шара Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің бастамасымен өтіп, жас сарбаздарға рухани тәрбие беруге бағытталды.

Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Кездесу барысында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Түркістан облысы: Қазығұртта «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жайдарман ойыны өтті

Қазығұрт аудандық прокуратурасының, аудандық білім бөлімінің және жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Жастар – әлемді өзгертетін күш» атты жайдарман ойыны жоғары деңгейде өтті.

Түркістан облысы: Нұралхан Көшеров «Қазқайтажаңарту» мекемесінің басшысымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Олжас Шарияздановпен және аталған кәсіпорынның Тараз филиалының директоры Нуртулла Бекбергеновпен кездесті.