Super User

Super User

Отырар ауданында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Отырар ауданында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрғындар арасында газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Отырар ауданы: апталық мәжілісте маңызды үш мәселе талқыға түсті

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен апталық аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.

Отырарда «Есірткісіз болашақ» ұранымен гашақорлыққа қарсы форум өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №1 жалпы білім беретін мектебінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты қорытынды форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға есірткінің адам денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ қоғамға тигізетін зиянды әсерін түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастарды саналы таңдау жасап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Отырар ауданында «Жеңіске жетелеген жол» атты мотивациялық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» тақырыбы аясында Отырар ауданында жас спортшыларға арналған «Жеңіске жетелеген жол» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында заңға құрметпен қарау, тәртіпті сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және жас спортшыларға үлгі болатын тұлғалардың өмір жолын таныстыру.

Осы RSS каналға жазылу