СОЗАҚТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Созақ ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақтар, ішкі көшелер мен ауыл маңындағы сай-салалар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.