Super User

Super User

Шымкенттіктер "Таза Қазақстан" жобасына атсалысуда

Бүгінгі таңда қалада қоршаған ортаның тазалығына, экологияның жақсаруына, қаланың көркейіп, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін шараларға ерекше мән берілуде. Әсіресе «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Халық даналығында «Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл сөз бар. Бүгін Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектептің маңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Тұран ауданы коммуналдық мекемесі мен «Шымкентспецкомплекс» ЖШС жұмысшылары арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды. 

-Кез келген сенбілік тек қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол адамдарды біріктіруге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ортақ істі қолға алған әрбір адам қала тазалығына өз үлесін қосу арқылы өзара түсіністікті, ауызбіршілікті нығайтады. Тұрғындары осы сенбіліктер арқылы ортақ мүдде жолында біріккенде, нәтижесінде таза әрі әдемі қалаға айналады. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор, балаларға үлгі көрсетіліп, қоршаған ортаны қадірлеуге үйретеді. Әр сенбілік қаламыздың көркеюіне үлес қосатын қадам, ал экологиялық мәдениет қалыптастыру болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығымыз деп білеміз, - дейді аудан тұрғыны  Айша Әлжанова. 

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы уақытша шара емес, бұл – ел болашағы үшін маңызды бастама.  Мұндай бастамалар тек акциялармен шектелмей, тұрақты түрде ұйымдастырылып, жалғасып тұруы қажет шара.

Шымкентте "Таза Қазақстан" жобасына қатысушылар қатары көбейіп келеді

Жаһанды алаңдатып отырған экологиялық проблемалармен қоғам болып күреспейінше, нәтиже аз. Сондықтан, елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экономикалық іс-шаралардың мәні тереңде жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.

Шымкент: Абай ауданы аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

"Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек",-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда. 

Шымкент: Әл-Фараби ауданында "Таза Қазақстан" науқаны жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы туралы айтқан болатын. Акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады», деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Осы RSS каналға жазылу