Super User

Super User

Артық салмақ, инсулинорезистенттілік және 2 типті қант диабеті: алдын алу – денсаулық кепілі

Шымкент қалалық №10 емханасында халықтың денсаулық сауаттылығын арттыру және созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында Денсаулық мектебінде ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуді емхананың эндокринолог дәрігері өткізіп, пациенттерге «Артық салмақ. Инсулинорезистенттілік. 2 типті қант диабеті» тақырыбында маңызды ақпараттар ұсынды.

Жастар және АИТВ профилактикасы: Шымкентте жаңа тәсілдер талқыланды

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы  күрес жөніндегі  орталығында жастар денсаулық сақтау орталықтарының АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізудегі және жастарды тартудағы рөлі туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шымкент: Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі бақылауда

Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи цифрлық технологиялар кезең-кезеңімен енгізілуде.

Шымкентте АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бағытындағы жұмыстардың нәтижелері

Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және емдеумен қамту бағытында бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсетті. Орталық мамандары халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға, инфекцияның таралуын төмендетуге және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде. 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,26%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 0,32% деңгейінде ұстау жоспарланған нысаналы индикатордан төмен. Яғни, аталған жас тобында инфекцияның таралуын бақылау бойынша белгіленген мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді.

 

Сонымен қатар 2025 жылмен салыстырғанда АИТВ инфекциясының парентералды жолмен жұғу үлесі айтарлықтай төмендеді. Атап айтқанда, көрсеткіш 7,2%-дан 3,5%-ға дейін азайды. Бұл АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді.

 

Емдеу бағытында да оң нәтижелер бар. Инъекциялық есірткі қолданушыларды антиретровирустық терапиямен қамту деңгейі белгіленген 93% нысаналы индикатор кезінде 97%-ды құрады. Ал антиретровирустық терапияның тиімділігі жоспарланған 92% көрсеткішке қарағанда 94%-ға жетті. Бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды заманауи еммен қамту және олардың емге бейімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелілігін көрсетеді.

 

Жыл басында қала бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты статистикалық мәліметтерге талдау жүргізіліп, АИТВ-ға тестілеу көлемін және жанасуға дейінгі профилактикамен (ЖДП) қамтуды арттыру бойынша негізгі міндеттер айқындалды. Осы мақсатта АИТВ, антиретровирустық терапия және ЖДП мәселелері бойынша тренингтер, дөңгелек үстелдер және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде АИТВ-ға тестілеу көлемін арттыруға мүмкіндік туды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қала бойынша АИТВ инфекциясына 198 762 тестілеу жүргізілді. Сонымен бірге жанасуға дейінгі профилактикаға қызығушылық танытқан азаматтарды ақпараттандыру және медициналық сүйемелдеу жұмыстары жалғасып, 677 адам ЖДП-мен қамтылды.

 

АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу да орталық жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта жүкті әйелдерді уақытылы тестілеу, медициналық бақылау және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге бағытталған арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы алты айында АИТВ-мен өмір сүретін аналардан 14 дені сау бала дүниеге келді.

 

Осы нәтижелер АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және емдеу бойынша жүйелі жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді. Алдағы уақытта да халықты АИТВ-ға ерікті және тегін тестілеуге тарту, профилактикалық бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру, антиретровирустық терапиямен қамтуды кеңейту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы

Осы RSS каналға жазылу