Балаларды ішек инфекцияларынан сақтану жолдары
Балалар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі – ішек инфекциялары. Әсіресе санитарлық-гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда мұндай инфекциялардың таралу қаупі артады. Сондықтан ата-аналар мен балалардың жеке бас гигиенасына, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуі маңызды.