Super User

Super User

Отырар ауданында жаңа зауыттың құрылысы басталды

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы жаңа ірі жоба жүзеге асуда. «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мақта тұқымын өңдеу және тұқым өндіретін заманауи зауыттың құрылысын бастады.

Отырарлық кәсіпкер отбасылық кәсіпті дамытып, өз өнімін нарыққа шығаруда

Отырар ауданының Көксарай ауылының тумасы Шонабаев Мұрат Айдынғалиұлы – өз ісін дөңгелетіп, отбасылық кәсіпті дамытып келе жатқан жергілікті кәсіпкерлердің бірі. Мұрат Айдынғалиұлы кәсібін өз ауласынан бастап, перде тігуге қажетті фурнитура түрлерін өндірумен айналысады. Кәсіптің негізгі ерекшелігі – өнімнің өз ауласындағы шағын өндірісте жасалып, тапсырыс берушілердің сұранысына сай дайындалуында.

Отырарда Халықаралық жастар күніне орай «Жастар – жаңа дәуірдің жарқын болашағы» атты мерекелік іс-шара өтті

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық белсенділігін арттыру және жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды. Іс-шара Темір ауылының орталық алаңында ұйымдастырылып, мерекелік алаң жастардың рухына сай безендіріліп, заманауи және патриоттық әуендермен сүйемелденді.

Отырар ауданында денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Құлмахановтың төрағалығымен Отырар ауданы әкімдігі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға ауыл округтерінің әкімдері, мекеме басшылары мен арнайы салалық бөлім өкілдері және жауапты мамандар қатысты. Жиынның күн тәртібіне конго-қырым қанды безгегінің (КҚҚБ) алдын алу шаралары туралы және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы мәселелер енгізіліп, қаралды.

Осы RSS каналға жазылу