Кентау: Ащысай ауылында кәріз жүйесінің құрылысы жүруде
Ащысай ауылының инженерлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Құлымбетов көшесі бойында кәріз желісін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс нәтижесінде, Құлымбетов көшесінде орналасқан №5, 15, 3, 2, 15, 22, 23, 24, 25 көп қабатты үйлерден шыққан кәріз сулары, жаңартылған құбыр желісіне қосылатын болады.