Super User

Super User

Кентауда «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» атты футбол жарысы өтті

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласының «Динамо» стадионында жастар арасында «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» тақырыбында футболдан жарыс өтті.

Кентау қаласында заманауи екі зауыт ашылды

Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Kentau Cable Industries» компаниялар тобы жүзеге асырған екі жаңа өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабель шығаратын «Kentau Cable Industries» зауыты мен электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін «ElectroCore» зауыты ресми түрде пайдалануға берілді.

Кентау қаласына облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Кентау қаласына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарының жұмысымен танысты. Жұмыс сапары алдымен Қарнақ ауылындағы құрылысы аяқталуға жақын Мәдениет үйі мен салынып жатқан спорт кешенін аралаудан басталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары қаладағы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру және әлеуметтік нысандарды аралады.

Кентауда көрсетілетін қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімділігін қадағалау мақсатында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінде жүргізілді. Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің мамандары қатысты.

Осы RSS каналға жазылу