Creative Aimaq жобасы аясында түркістандық креаторлар 21 млн теңгенің өнімін сатты
29-30 тамызда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Түркістанның креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды.