Super User

Super User

Сауран ауданында полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сауран ауданында 23 маусым – Қазақстан Республикасы Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ішкі істер саласының ардагерлері және сала өкілдері қатысты.

Сауран ауданында мемлекеттік қызмет саласының үздіктері марапатталды

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сауран ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаевтың қатысуымен өткен мерекелік іс-шарада мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың өңірдің дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Сауран ауданында «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы өтті

Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы өтті. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастырды.

Сауран ауданы: құрылыс, жол инфрақұрылымы және әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар талқыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес заңсыз құрылыс нысандарын анықтау, олардың алдын алу және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу