Super User

Super User

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында үстел теннисінен жастар арасындағы халықаралық дода басталды

Сарыағаш қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде» өткен үстел теннисінен жастар арасындағы Орталық Азияның командалық чемпионаты басталды.  Сайысқа арнайы барған аудан Арман Абдуллаев жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар салтанатты шара барысында спортшылар арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылып, үстел теннисінен шеберлік ойындары көрсетілді. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мәслихат депутаттары және спорт саласының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Сарыағашта ғасыр жасаған қаһарманға құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған қария Эрмохан Ишхоновтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы құттықтау хаты мен сый-сияпаты табысталып, майдангерге зор құрмет көрсетілді.

Түркістан облысы тұрақты даму көрсеткіштері бойынша оң өсім көрсетіп келеді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Түркістан өңірі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша оң көрсеткіштерге тоқталды.

Түркістан облысы: жетісайлық майдангерге мерекелік сый-құрмет көрсетілді

1418 күн мен түнге созылған қайғы-қасіреті мол, адамзат тарихында ІІ Дүние жүзілік соғыс атауымен таңбаланған сұрапыл соғыста от кешіп, кеудесін оққа төсеген соғыс ардагерлерінің ерліктері ел есінде мәңгіге сақталып қала бермек. Ғасырдан-ғасырға жетерлік ауыр қасірет қалдырған осынау соғыстың зардабын шеккен жетісайлық Петр Папков 1925 жылдың маусымында Татарстан Республикасының Максимовка селосында дүниеге келген. Бүгінде аудандағы көзі тірі жалғыз майдангер.

Осы RSS каналға жазылу