Дүйсенбі, 31 Мамыр 2021 12:12

Ордабасы ауданы: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Тәлкекке түскен тағдырлар" кітабының тұсаукесері өтті

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Ордабасы ауданында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бөріхан Тәменнің "Тәлкекке түскен тағдырлар" кітабының тұсаукесері өтті.

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен басталған ұжымдастыру науқанында Қазақстанда халық жаппай ашаршылыққа ұшырап, 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болғаны тарихтан белгілі. Репрессия кезінде елімізде Карлаг, Степлаг, АЛЖИР сынды 11 арнайы лагерь құрылып, онда 2 млн.-ға жуық адам жазасын өтеді. Тұтас ұлттар жер аударылды.

Осы "тар жол тайғақ кешу" заманында Ордабасы ауданында ұжымдастыру қалай жүзеге асты? Белсенділер мен қуғынға ұшырағандардың тағдыры қалай өрбіді? Кітаптың негізгі арқауы қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен көз көрген аға буынның естеліктеріне негізделді.

Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев көркем туынды авторына аудан әкімінің алғысын жеткізіп, егемендіктің арқасында тарихымыздың беймәлім беттерін қайта парақтауға мүмкіндік туғанын, осылайша мемлекетіміздің жүріп өткен сүрлеуіне шынайы баға берілгенін атап өтті.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әдеби-сазды монтаж арқылы зұлмат жылдардың қасіретін сахналап, көрермен ықыласына бөленді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 908 рет