Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы ең бір зұлмат, қаралы кезеңдердің бірі болып тарихта қалғаны белгілі. Сол бір тарихтың ақтаңдақ беттері өткеніміздің өткінші өкініші болғанымен, жаңғырығы ұмытылмақ емес.
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ даласындағы ең бір қасіретті кезең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіп келеді. Содан бері елімізде саяси репрессия және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, бұл күнді атап өту, олардың рухына арнап құран бағыштау дәстүрге айналды.
Бүгін отырарлықтар аудан орталығындағы «Қасірет» мемориалында еске алу шарасы өтіп, монументке гүл шоқтарын қойып, рухтарына Құран бағыштады.
Сонымен қатар, шараға жиналған ауданның зиялы қауым өкілдері мен бір топ жас және мектеп оқушыларына «Руханият» музейінде зұлмат жылдары «халық жаулары» ретінде атылып, осынау қилы заманда күн кешкен қазақтың бетке ұстар азаматтары туралы деректі фильм көрсетілді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат