Super User

Super User

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылады

Таяу күндері Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауыл округінің Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ.  Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп,  ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын.

Түркістан облысы: білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті

Өткен сәрсенбі, яғни 19 қыркүйек күні Жетісай, Мақтаарал аудандарының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті.  Күн тәртібіндегі басты мәселе – ауданның бөлінуіне орай білім беру ұйымдарының кәсіподақ басшыларын сайлау болатын.

Түркістан облысы: 1 тонна мақтаға 10 мың теңге субсидия беріледі

Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, мақта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне 10 мың теңге субсидия төлеу жоспарлануда. Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев ауыл округтерінің әкімдеріне халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы: Келес ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті

20 - қыркүйек ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы - Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Осы RSS каналға жазылу