Super User

Super User

Түркістан облысы: Ж.Түймебаев шаруаларға қолдауды күшейту туралы тапсырма берді

Сейсенбі күні Түркістан облысы әкімдігі аппаратының мәжілісі өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен 2018 жылғы 8 айдың қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және 9 айда күтілетін болжам туралы деректер тындалды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы А.Тасыбаев, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Бадырақов баяндама жасады. 

Түркістан облысы: «Таңбалы тастар – бабалар ізімен» атты экспедиция өңірдің тарихи жерлерін аралады

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында "Таңбалы тастар - бабалар ізімен" атты экспедиция ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – Қазақстанның киелі жерлеріне енген өңірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өңірдің бай тарихы мен таңбалы тастарын насихаттау. Сонымен қатар, өңірге келетін қонақтар үшін жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру.

Түркістан облысында «Таңғажайып Түркістан» байқауы басталды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенттерімен кездесу өткізген Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейcенбай Тәжібаев «Таңғажайып Түркістан» байқауға қатысуға шақырды. Байқаудың мақсаты — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау болып табылады.

Түркістанда «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара өтті

Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарасы өтті.

Осы RSS каналға жазылу