Түркістандық палуандар әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Грузияның астанасы Тбилиси қаласында самбодан 1998-1999 жылы туылған жастар мен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Түркістанның үш бірдей түлегі топ жарды. Бибарыс Әбдіғани +100 келіде, Кемелбек Молдаш 65 келі салмақта өнер көрсетіп, қос сайыпқыран күміс медальды еншілесе, Айдарбек Тоқтарбек 82 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, үшінші орын нәтижесімен қола медальды місе тұтты.