Бұл дода спортшылардың халықаралық деңгейдегі алғашқы жарысы емес, бұған дейін де әлем біріншіліктерінде кіл мықтылармен кездесіп үлгерген олар психологиялық және физикалық тұрғыда жеңіс үшін дайын болып бардық дейді. Алтын алуды мақсат еткен спортшыларымыз дегенмен де екі күміс, бір қоланы ел қоржынына салған-ды.
Халқымыздың мақтаныштарын Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылар мен жанкүйерлері қарсы алды. Ел мерейін асқақтатқан спорт саңлақтарына Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жетекшісі А.Абуов пен облыстық Әбдiсалан Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң директоры Д.Тәңірбергенов құттықтау сөздерін арнап, алдағы уақытта да спорт аренасында мемлекетіміздің көк Туын желбірете берулеріне тілектестік білдірді. Одан соң спорт мектебінің ұжымы атынан қаржылай сый-сияпаттар табысталды.
Айта кеткен жөн, А.Тоқтарбек Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті, Б.Әбдіғани мен К.Молдаш 1-курста оқиды. Киелі шаһардың атын әлемге тағы бір рет танытқан жандар жас спортшылармен естелік суретке түсті. Жүлдегерлерді құттықтаған ХVІІІ жазғы Азия ойындарының қола медаль иегерлері - самбошы қыз Айжан Жылқыбаева және таеквондошы Нұрлан Мырзабаевтар кездесуге арнайы қатысты.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»