Super User

Super User

Түркістан облысы: ақпараттық-насихаттық топ Сарыағаш ауданында болды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топ келіп, аудан активімен кездесті.

Шардарада алғаш рет халықаралық «Safari Shardara» фестивалі өтеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 26 қазан күні Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тұңғыш рет халықаралық «Safari Shardara» атты фестиваль өтеді. Айтулы шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.

Отырарлық шаруалар «Ырыс-өркендеу» бағдарламасымен жұмыс істеуге ниет білдірді

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. 

Сарыағаш ауданында 54 кәсіпкерге 312 млн теңге шағын несие берілген

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының жетінші қадамында адами капиталды жаңғырту үшін азаматтарды нәтижелі жұмысқа тартуға көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына жағдай жасау қажеттігі туралы айтылып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының азаматтарға бизнесті үйрету жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары қолдауға тұрарлық делінген.

Осы RSS каналға жазылу