Күн тәртібінде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын және кәсібилігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері баяндалды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін оқу жүйесінің, факторлық-балдық шкалаға негізделген жалақы жүйесінің енгізілуі, бос лауазымдарды ішкі конкурстар арқылы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілермен толтырылатыны жөнінде сөз болды.
Жиын соңында Департамент басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта күшейе түсетіндігін және білім ошақтарында негізсіз ақша жинау, заңсыз сыйлықтар алу деректерін болдырмау, оның алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары нақты шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.
Бұдан бөлек Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.