Жаңа құжат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Қайырымдылық туралы» сияқты 14 қазақстандық заңға өзгертулер енгізіп отыр. Жұмысшы топ өз саласы бойынша Леңгір қаласы мен 12 ауылдық округ елдімекендерін аралады. Жиындарға әлеуметтік жәрдем алатын азаматтар, зейнеткерлер және зейнеткерлік жасқа жақындаған тұлғалар мен мүгедек топтағы азаматтар, мүгедектерді күтуші азаматтар және әр сала мамандары, ауыл ақсақалдары, тұрғындар және ауданның БАҚ өкілдері қатысты. Заңнама мазмұнына түсініктеме жұмыстары барысында – көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шығарда қандай жеңілдеріктерге ие болатыны туралы түсіндірілді.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»