Жиынныңмақсаты - ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы» заңынжүзегеасыру, сыбайласжемқорлықкөріністерінежолбермеу, алдыналужәнежемқорлыққақарсымәдениеттіқалыптастыру. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде мектеп қабырғасындағы сыбайлас жемқорлықты жою, болдырмау, ата-аналар комитетінің жұмысын реттеу, қаржы жинамау мәселелері жөнінде ұтымды ұсыныстарды тілге тиек етті.
Мұнан соң сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов қоғам дертіне айналған жемқорлықтың жолын кесу, қарсы тұру, алдын алу шараларына бірлесіп атсалысуға шақырды. Сондай-ақ ол мектептердегі қызметке орналасу барысында пара алу, пара беру фактілерінің жиі тіркеліп жатқандығын баса айтты. Осы ретте ол аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының жұмысын одан ары жандандыру қажет деп есептейді.
ЖиындыжүргізіпотырғанауданәкіміЖамантайБейсенбаевұстаздарқауымынЕлбасыЖолдауындаайтылғаннегізгібасымдықтардыіскеасыруғашақырып, қоғамдертінеайналғанжемқорлықтыжоюғаүндеді. Сондай-ақмұғалімдермәртебесінқалыптастыружолынданегізгібасымдықбіліктілікпенбілімділікке, еңбекөтімділігіне, тәжірбиесінемәнберугешақырды. Аудан басшысы мектепте қаржы жинау, маман қабылдауда қаржы талап ету фактілерін болдырмау мақсатында жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.