Шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, мемлекеттік билік органдарының және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының, «Zakon.kz» желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған.
Отырара ауданы әкімдігінің жанындағы халықтық кеңседе ұйымдастырылған акцияға сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, мекеме басшылары мен білікті заңгерлер қатысып, аудан тұрғындарына қойған сауалдары бойынша тегін құқықтық кеңес берді.
Аталған науқан шеңберінде 20-ға жуық азамат білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан және заң консультанттарынан тегін құқықтық көмек алды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат