Бейсенбі, 27 Маусым 2024 21:40

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Отырар ауданында жиын өткізді

Бүгін ауданда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары бойынша мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизовтің төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Дария Нұрышова, Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Ербол Назаров, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ерік Сейсенов және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Кездесуде күн тәртібіндегі мәселе бойынша Отырар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Дулат Сарыбасов баяндама жасап, террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру нәтижелерін атап өтті. Мұнан соң аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мейрамхан Кемелханов террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары туралы хабарлама жасады.

Жиын барысында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ескертілді. Мамандар терроризмнен қорғану бойынша жан-жақты ақпараттар мен тәжірибелерді айтып,жоспарларды пысықтады. Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизов осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын түсіндіру мақсатында облыс орталығынан келген ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдеріне алғысын айтып жиынды қорытындылады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 336 рет