Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 11:03

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында «Өзіне өзі қызмет ету» бұрышы ашылды

Мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру мақсатындаҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Мыңбұлақ аулында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышының жұмысымен танысты. Тәжірибемен бөлісу үшін ауыл әкімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің оқытушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Іс-шарада Ғ.Тұрсынбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудың өзектілігін, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау қажеттілігін айтып, салалық кеңестер берді. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы айтылды. Бұған қоса бұрыш қабырғасында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен бір реттік жасырын сөз арқылы алынатын 44 мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттық-әдістемелік стендтер ілінген. Өзіне өзі қызмет алу үшін арнайы келген Мыңбұлақ ауылының тұрғыны бұл бұрыштың уақыт үнемдеуде пайдасы зор екендігін, қазіргі таңда аудан орталығына бармай-ақ ауылдағы «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышына келіп, тиісті құжаттарды алып жатқандығын айтты. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруда көмегін тигізіп жатқан мемлекеттік органдарға келушілер алғыстарын білдірді. Жиын соңында келушілерге арнайы ақпараттық жадынама таратылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 1157 рет