Салтанатты іс-шараны аудан әкімі ашып, өңіріміздегі дауларды азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Ашылу рәсіміне сот төрағасы, аудан әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, әйелдер кеңесі мүшелері, психологтар мен адвокаттар, медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Орталықта азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол орталықта көрсетіледі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.