Сәрсенбі, 20 Қараша 2024 11:34

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілуі жалғасуда.

Кезекті іс-шара Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жанындағы колледжінде өткізілді.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Психикалық денсаулық орталығының және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Дәріс барысында мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сондай-ақ, студенттерге түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керегін түсіндіріп, психологиялық алғышарттармен бөлісті.   

 Қаламыздың полицейлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп «Парасат» колледжінің студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды сақтыққа шақыру болып табылады.

Тәрбиелік мәні бар кездесуде мамандар студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.

Сондай-ақ өздерінің білімдері және тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.

Кездесу соңында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.   

 Кезекті іс-шара қаламыздағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде өткізілді.

Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріліп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу, есірткі жасыруға қатысқаны, есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.                            

 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тәжібаев атындағы 47 мектеп- гимназияда Шымкент қаласы Тұран аудан полиция басқармасы бастығының  у.м.а.  полиция подполковнигі Қазыбаев Алибек Төленұлы ,ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Иргебаев Жандос Тлеуханұлы , Шымкент қаласы Тұран ауданы жергілікті полиция инспекторы,  полиция капитаны Бегимбетов Құдайберген Төлегенұлы қатысуымен "Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты – есірткімен күрес бойынша қоғамды ақпараттандыру, есірткі қылмыстарына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу,  жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Шара барысында  полиция қызметкерлері  синтетикалық есірткілердің жедел таралуы мен олардың қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы түсіндіру.

 Қазіргі уақытта елімізде  есірткі қолдану және жасөспірімдердің  тасымалдау тақырыбының өзектілігі күн сайын артып келеді. Жасөспірімдердің арасында тонау, жол-көлік апатын жасау, қарақшылық шабуылдардан бөлек есірткі қылмысына баратындар да аз емес. Осы ретте,  полиция қызметкерлері  Қазақстан Республикасы «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» негізінде есірткіні тұтынудың алдын алу  және есірткінің тасымалдауға жол бермеу  бағытында мектебіміздің жоғары сынып оқушыларға  жасөспірімдер арасында белең алған есірткіні қолдануы мен тасымалдау бойынша қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

  Дөңгелек үстел барысында жоғары сынып оқушыларына арнайы дайындалған ролик ұсынылды.

Оқылды 40 рет