Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту арқылы қауіпсіздік деңгейін арттыру. Кездесуге Шымкент қаласы қала прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев, Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков, Жол-көлік колледжінің директоры Берік Ешимов және белсенді жастары қатысты. Жалпы, қаламызда орын алған қылмыстық істердің басым көпшілігі түнгі уақытта заңды өкілінсіз немесе ата-анасынсыз жүру деректері тіркелген. Бұл туралы қала прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев айтты.
Кездесу барысында спикерлер өздерінің құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық атқарған жұмыстарын баяндап өтті. Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен полиция департаментінің берлесе атқарған жұмыстары да талқыланды. Жиынға келген белсенді жастар өздерінің ұсыныстарын айтып, кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты.